Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жұмыс істеп жүрген 13-тегі жасөспірім көз жұмды. Бұл қайғылы жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторының айтуынша, ол бір үйдің жалғыз ұлы көрінеді. Мейрамхана әкімшілігі өрімдей баланы заңға қайшы екенін біле тұра қалай жұмыс істеткен деп таң қалады. Осы оқиғаға байланысты Полиция жауап берді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Шымкент қаласындағы тойханалардың бірінде кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайтыс болуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Анықталғандай, жасөспірімнің өлімі ауруына байланысты болған. Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.