Павлодарда 2 бала ыстан уланып қалды

Павлодарда 2 бала ыс иісіне уланып, ауруханаға түсті. Бірінің жасы 11-де, екіншісі 14-те. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жеткіншектердің жағдайы жақсы. Төтенше жағдайға  пештің және мұржаның уақытылы тазаланбауы себеп болған. 

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ:

Бас ауруы мен жүрек айнуы пайда болғаннан кейін балалар бастапқыда медициналық көмек алу үшін Тереңкөл аудандық ауруханасына жүгінген, кейін Павлодар облыстық балалар ауруханасына жіберілген. Балаларды кезекші дәрігер-педиатр қарап, бақылау және ем алу үшін соматикалық бөлімге жатқызды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты.