Астаналық әйелдер тегін скринигтен өтіп, дәрігерлердің ақыл-кеңесін алды. «Әділет» партиясының әйелдер қанаты мен онколог-маммолог дәрігерлер қауымдастығы бірлесіп №6 емханада ашық есік күнін өткізді. Мамандар бастапқыда сүт безі обырының белгілері болмайтындықтан скриниг маңызды дейді. Бұл іс-шара «Әйел өмірі үшін» айлығының аясында өткізілді. Еліміздің әр түкпіріндегі қыз келіншектер қазан айында тегін тексерістен өте алады.
СӘУЛЕ ӨТАРҒАЛИЕВА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕР:
Мемлекеттік бағдарлама аясында скринигте жатыр обырына тексерілуге болады. Емхана базасының өзінде, МӘМС арқылы алғашқы диагностика және жатыр мойнының биопсиясын өткізе аламыз. Кабинеттеріміздің жабдықталуы заман талабына сай.
МИРИЯ ӨТЕБАЕВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әйелдер маммографиядан өтіп жатыр. Толыққанды скрининг арқылы да тексерілді. Сонымен қатар, онколог, маммолог, гинеколог мамандармен жолығуға мүмкіндік алды. Партиямыздың бұл науқанды ұйымдастыруы өте маңызды екені айтпаса да түсінікті. Себебі, білікті мамандардың басын қосып, сауапты іс атқарып жатырмыз. Басты мақсатымыз – әйелдер арасында онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектесу әрі ақпараттандыру.