Шымкентте тойдан кейін аспанға оқ атқан ер адам бес күнге қамалды

фото скрин

Шымкентте тойдан кейін аспанға қарата оқ атқан ер адам бес күнін темір торда өткізетін болды, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінде болды. Полиция департаментінің мәліметінше, оқ атқан ер адам – 34 жастағы қала тұрғыны Бунедбек Юлдашев. Ол сигналды тапаншадан оқ атып, өзгелерге қауіп төндірген. Ол өз сөзінде туысының шаңырақ көтергенін осылайша атап өткен.

«Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сол сияқты оған түнгі тыныштықты бұзғаны және қаруды заңсыз қолданғаны үшін айыппұл салды», – делінген хабарламада.