Астанада алдағы екі күн бойы жаңбыр жауады

BAQ.KZ.

Алдағы екі күн бойы Астанада жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Astana TV.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8 қазанда Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +11+13 градус болады.

9 қазанда да жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +3+5, күндіз +8+10 градус болады.

10 қазанда жауын-шашын тоқтайды. Түнде ауа температурасы -1-3, күндіз +9+11 градус болады.