Уәдеден нәтижеге дейін: ASTANA TV арнасында «ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» жаңа арнайы жобасы басталды

Фото: ЖИ

ASTANA TV телеарнасында «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін!» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына арналған «ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» жаңа ақпараттық-сараптамалық арнайы жобасы басталды, деп хабарлайды Astana TV.

«ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» - сайлауалды бағдарламаның сандық нәтижесі. Бұл сандардың артында нақты міндеттер мен жұмыс бағыттары тұр, ал жоба авторлары оларды кейіпкерлердің шынайы оқиғалары, сарапшылардың пікірі және қабылданған шешімдердің нәтижесі арқылы ашып көрсетеді.

Жоба саяси уәделердің қалайша нақты шешімдерге айналып, қазақстандықтардың өміріндегі оң өзгерістерге ұласатынын баяндайды. 

Назарда - халықты жұмыспен қамту және табыс деңгейі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті қолдау, ауыл мен өңірлерді дамыту мәселелері. Сондай-ақ жоба цифрландыру және жасанды интеллект, инфрақұрылым, экология мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру тақырыптарын қамтиды.

Негізгі спикер ретінде «Әділет» партиясынан сайланған ҚР Құрылтайының депутаттары, жоба кейіпкерлері және бағдарлама тақырыбына байланысты түрлі сала мамандары қамтылады. Талқылауға тәуелсіз сарапшылар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және партияның сайлауалды бағдарламасын орындауға жауапты мемлекеттік орган басшылары да үн қосады.

«ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» арнайы жобасы аясында көрерменге адамдардың жеке тәжірибесі, сарапшылардың бағасы мен нақты нәтижелер арқылы ашатын дербес сюжет ұсынылады.

Арнайы жобаның алғашқы шығарылымында «Әділет» партиясынан сайланған Құрылтай депутаттары, цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшелері Лаура Қарабасова мен Айсұлу Сүлейменова жасанды интеллектіні оқыту мүмкіндіктері мен жаңа технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі туралы айтып берді.

«Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін!» сайлауалды бағдарламасымен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады: //adilet-partiyasy.kz/ru/kurultai/program

Еске сала кетейік, «Әділет» партиясының ресмисайтында партияның қызметімен танысып қанақоймай, бірқатар сервисті пайдалануға болады: партия қатарына қосылу, партия мүшелеріне арналғанмобильді қосымшаны жүктеу, дауыстық ЖИ-көмекшініңқызметін пайдалану немесе байланыс орталығынаөтініш жолдау. Сондай-ақ 1490 нөмірі арқылы кеңесалуға болады.