Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 55 жастағы әйел жолаушыдан 136 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Astana TV.
Polisia.kz мәліметінше, 5 қазанда полиция қызметкерлері өзге де уәкілетті органдармен бірлесіп Chevrolet Cobalt көлігін тоқтатқан. Жүксалғышты тексеру кезінде бекіре тұқымдас балыққа ұқсас 22 дана балық табылған. Олардың жалпы салмағы - 136,15 келі.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір балықтың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулау, сақтау немесе тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.