Елордада базар маңынан әйелдің мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2026

Елордада базар маңынан  әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жағдайы аяқ астынан нашарлап, жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Сол жердегілер  әйелге алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Жедел жәрдем бригадасы да дер кезінде жетіп, реанимациялық шаралар жүргізген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Әлеуметтік желіде әйелдің өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметті Астана қаласы Полиция департаменті жоққа шығарды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Сауда орталығының маңында 47 жастағы әйел адамның денесі табылды. Оның мәйітінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша әйел адамның жағдайы аяқасты нашарлаған. Жедел жәрдем келгенше жантәсілім етті.