Алматы облысында жүргізуші бірнеше көлікпен соқтығысып, жасөспірімдерді қағып кетті

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2026

Алматы облысында жүргізуші басқа көлікпен соқтығысып, жаяу жүргінші жолына шығып кетіп, екі баланы қағып өткен. Артынша кептелісте тұрған тағы бір көлікке барып соғылған. Жасөспірімдердің екеуі де жарақаттанған. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қылмыстық іс қозғады.