Түркістан облысында екі лауазымды шенеунік сотталды

Түркістан облысында екі лауазымды шенеунік сотталды.  Бірі Сайрам ауданы әкімінің орынбасары болса, екіншісі аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Олар пара беру және пара алу фактісі бойынша күдікті деп танылып, іс қозғалған. Сот мәліметінше, қос шенеунік  кінәларын мойындап, прокуратурамен процестік келісім жасасқан. Сол себепті сот оларға қомақты айыппұл төлеу жазасын тағайындады. Әкімнің экс- орынбасарына пара алғаны үшін  22 750 000 теңге айыппұл  жазасы тағайындалды.  Ал пара бергені үшін    56 250  000  теңге айыппұл төлеу міндеттелді.  Ал жерге жауапты болған бұрынғы басшы пара   алған және бергені   үшін  130 млн теңгеден астам айыппұл төлейді. Екеуінің де мүлкі тәркіленбейді. Сот үкімі күшіне енді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ:

Сотталушылар кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасты. Оларға бірнеше баптар бойынша - яғни пара алу және пара беруге оқталу әрекеттері үшін айыппұлдар жеке-жеке есептеліп шығарылды. Сондай-ақ қызметтік антын бұзғандары үшін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.