Қазақстан Халық Кеңесінде жаңа комитет жұмысын бастады

Қазақстан Халық Кеңесінде Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды. Комитеттің алғашқы отырысында  жұмыс форматы талқыланып, үш салалық комиссияның негізгі бағыттары айқындалды. Олар білім беру және адами капитал, әлеуметтік саясат, азаматтық қатысу және волонтерлік мәселелерімен айналысады. Комитет мүшелері Мемлекет басшысы белгілеген міндеттер аясында өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, білім сапасындағы алшақтық, педагог тапшылығы, әлеуметтік қорғау, азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері көтерілді. Комитеттің мақсаты - қоғамдық бастамаларды сараптап, нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

АҚНҰР ТҰРДАЛИЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі отырыста біз 2026-2027 жылға комитеттің жоспарын құрдық, талқыладық және салааралық комиссияларға бөліндік. 3 нақты тұрақты комиссия құрылды. Ол білім, ғылым бойынша және әлеуметтік саясат бойынша, үшінші азаматтық қатысу және волонтерлікті дамыту бойынша комиссия мүшелері анықталды.