10 түрлі жәрдемақы қысқарады

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2026

Қазақстанда әл-ауқаты жоғары отбасыларға берілетін 10 түрлі мемлекеттік жәрдемақы қысқарады. Үкімет тиісті қаулыны жариялады. Өзгерістер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. «Отбасының цифрлық картасы» арқылы әл-ауқаты жоғары деп танылған А және В санатындағы отбасылар аталған төлемдердің бірқатарын ала алмайды. Олардың қатарында бала туғандағы және 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне төленетін төлемдер бар. Сондай-ақ мүгедектікке, асыраушысынан айырылуға және бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтындарға берілетін жәрдемақылар да жаңа тәртіппен тағайындалады. Өзгерістер барлық азаматқа қатысты емес. Әлеуметтік төлемдер отбасының нақты жағдайына қарай тағайындалады.