Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ашық есік күні өтті

Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетіледі. Елордадағы сұлулық салондарының бірінде ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін ашық есік күні өтті. Іс-шара мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ұйымдастырылды. Мұнда  келгендерге  шеберлік сағаттары ұйымдастырылып,  психологтар тренинг өткізді. Мақсат- қызмет көрсетумен шектеліп қалмай, келушілердің жан тыныштығына жағдай жасап, үлгілі орта қалыптастыру. Бұл  бір күндік акция емес, салонда тұрақты түрде тегін қызмет көрсетеді.

ГҮЛМИРА ТӘЖІБАЕВА, КӘСІПКЕР:

Бүгін – мүмкіндігі шектеулі жандардың арнайы мерекелері. "Әділет" партиясымен бірлесіп, оларға алғыс хаттар дайындадық. Біз әр бейсенбі мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін шаш қию қызметін көрсетеміз. Бастапқыда мен жалғыз өзім едім. Әлбетте, қиын болды. Қазіргі таңда, жан-жақтағы шаштараздар осындай қайырымдылық акциясына өз үлесін қосу үшін маған келіп жатыр. Астана қаласындағы оңалту орталығы шақырған кезде, айына 1-2 рет барып, тегін шаш қиып келеміз.

Бұл жоба «Әділет» партиясының «Бәріне бірдей мүмкіндіктер» бастамасы аясында өткізілуде. Іс-шараның белсенді қатысушыларына сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай акциялар  әрбір адамның өзін қоғамның белсенді мүшесі сезуіне үлкен септігін тигізеді. Қонақтар болса, тегін шаш қию үшін емес, әңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесу үшін келетіндерін айтады.

ҚАЙРАТ ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мүмкіндігі шектеулі жандарға осы жерде өте көп көңіл бөледі. Баршамыздың атымыздан ризашылығымды білдіргім келеді. Осындай мейірімді ортада қала бергім келеді.