Непалдағы іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды

Фото: Анадолы

Непалдағы іздеу-құтқару операциясы ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды Astana TV.

Бұған дейін Непалда екі, Қытайда бір қазақстандық турист хабар-ошарсыз кетті деп есептелген.

Непалда болуы мүмкін деген азаматтардың бірімен байланыс орнатылды. Оның табиғи апат болған аймаққа барудан бас тартқаны анықталды. Қазір ол Қазақстанда.

Қалған екі қазақстандықтың орналасқан жері әзірге анықталған жоқ.