4 жасар бала кәріз құдығына түсіп, көз жұмды

Фото Depositphotos.com

Көкшетауда 4 жасар бала ашық тұрған кәріз құдығына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Astana TV.

Ақмола облысы Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тиісті тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесіне және дербес деректерді қорғауға байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

 2026 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласында кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы кезекші бөлімге хабарлама түсті. Іздеу жұмыстарына полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды. Іздестіру барысында бала ашық тұрған құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, — деп хабарлады ведомство.