Күміс пен ниобийден жасалған коллекциялық монетаны 12 қазаннан бастап сатып алуға болады, деп хабарлайды Astana TV.
Қазақстан Ұлттық банкі коллекциялық монеталарды Ұлттық банктің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болатынын хабарлады.
«Nb (ниобий)» монетасы 925 сынамалы күмістен жасалып, құрамына ниобий металы орнатылған. Оның номиналы – 1 000 теңге, ал таралымы –1 000 дана.
Монетаның жалпы салмағы – 32,8 грамм. Оның ішінде 31,1 грамы – күміс, 1,7 грамы – ниобий. Диаметрі – 38,61 миллиметр. Дайындау сапасы proof стандартына сәйкес келеді.
Ұлттық банктің мәліметінше, коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген номиналдық құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сонымен қатар оларды еліміздегі барлық банкте банк шотына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады. Монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған.