Астанада әскери ұшақтар ұшып, жолдар жабылады: тұрғындарға ескерту жасалды

фото: gov.kz

9–14 қазан аралығында елордада әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жүргізіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Сондай-ақ, 10–14 қазан күндері Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл шектеулер елордада өтетін халықаралық саяси іс-шараларға байланысты енгізілмек.

Әскери авиацияның ұшу жаттығулары 9 қазаннан басталады.

Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.