Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

фото: Polisia.kz.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлы ұсталды, деп хабарлайды Astana TV.

Қайғылы оқиға қаладағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде болған. Бұл дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамның жеке басын анықтаған. Ол – марқұмдардың 20 жастағы ұлы.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.