Астанада көлігі бұзылып тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып кетті

фото: видеодан скрин

Астанада көлігі бұзылып, жолда тұрған жүргізушіні өзге көлік қағып кетті, деп хабарлайды Astana TV.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан азамат оқиға орнында көз жұмды. Полиция департаментінің мәліметінше, Рақымжан Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі техникалық ақауға байланысты тоқтаған. Ол көліктің жүк салғышының жанында тұрған сәтте оны Hyundai Tucson көлігі қағып кеткен.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.