Атырауда апатты үй азаймай тұр

Атырауда апатты үй азаймай тұр. Өндірісті өңір халқы  қирауға шақ қалған баспанасына жарамсыз мәртебесін алса да, жылдар бойы  кезек күтуге мәжбүр. Жұрт еш жағдайы жоқ үйден әбден қажыдық деп шағымданады.

Қаланың қақ ортасында орналасқан  Волгоград көшесіндегі екі қабатты үйден күй кеткелі көп болған. Тұрғындардың айтуынша, әу баста мұнайшылардың жатақханасы ретінде  1945 жылы салынған. Алайда үйдің  құжатында  1963 жылы көрсетілген. Қамыстан салынған ескі үйде іліп алар ештеңе қалмаған, үгітіліп жатыр.  Жылу, кәріз, ауыз су, электр жүйесі әбден  тозып кеткен. 

ГҮЛМИРА МАҚСОТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үйге кіргенде подъезге басымызды иіп кіреміз.  Күзде жаңбыр жауады. Жоғарыдан су ағады. Үйдің іші көк. Сырость дейді ғой. Көктеп кеткен. Жарымыз жарылып жатыр. Жерге түсіп жатыр. Су қыста бәрі қатып қалады. Су болмайды. қатып қалғасын өз ақшамызға жасаймыз. 

АНАР КӨШКІНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Егеуқұйрық, тышқан бар. Үнемі жылу  жүйесімен мәселе болады. Есік алдынадғы құбыр қатып қалады. Үйде салық су да болмайды, ыстық су да боламайды. Қыс сайын бір проблема сол. Кәріз жүйесі үнемі бітеліп қалып, қалтамыздан ақша гшағарамыз. Мында мүгедек адамдар тұрады,  зейнеткер адамдар тұрады, жағдайы жоқ қой үнемі ақша жинай беретін.

Мұнда 8 ғана пәтер бар. Жергілікті билік бастапқыда реновация бағдарламасы арқылы инвесторлар тартамыз,- деп уәде еткен.  Бірақ үй де бұзылмай, инвестор да келмей, билік те назар аударуды қойған көрінеді.  Жиналған жұртпен жолыққан  әкімдік өкілі бұл жолы да көңіл көншітерлік жауап айтпады.  Реновация бағдарламасы  үшін жер көлемі тым аз, 2 сотық қана. Ал қашан бұзылатынын комиссия шешеді,- деп екіұшты жауаппен құтылды.

ЖАСҰЛАН ХАМЗАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Атырау қаласы бойынша 89 үй апатты болып танылған. Оның ішінде 1950, 1940шы үйлер бар. мына кісілердікі 1963 жылы салынған. Оның алдында 19,20, 22, 23 жылы апатты болып танылған қорытындылар бар ғой соның бәрін қарайын деп отырмыз. Комиссионно қараймыз барлығын да, сосын қосымша тұрғындарға зхабарланатын болады.

Былтыр шаһардағы апатты үйлер үшін  7 млрд теңгеге 166 пәтер сатып алған. Шендінің сөзіне сенсек, соның 90ға жуық пәтері қалыпты. Комиссия шешімі бойынша, соларды біртіндеп таратамыз,- дейді әкімдік өкілі. Айта кетейік,  күні қазір облыс орталығында екі мыңға жуық отбасы  89 апатты үйде тұрып жатыр.