Қарағандылық тұрғындар көшеге шыға алмай отыр

Қарағанды қаласында жеке сектор тұрғындары көшеге шыға алмай отыр. Шұрық-тесік жол   лас шалшыққа айналған. Онсыз да мектеп, дүкен, тіпті аялдамаға әрең жететін еді, енді  жедел жәрдем көлігі де, такси де мұнда келе алмайтын болыпты.

3 баланың анасы Надежда үшін үйден шығу проблема.  Таңертең- кешке баламен серуендеу түгілі аялдамаға жетудің өзі мұң. Ол шұңқырға түсіп кетем бе деп қорқады.

НАДЕЖДА ЦЫБИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жаңбыр жауғанда мұнда ойық- тесік шалшық  суға толады .Балалар жүруі мүмкін емес. Мектепке жіберуге қорқатын болдық. Кешке қараңғыда шалшыққа құлап кетсе тұншығып қалуы әбден мүмкін.

СЕЙФОЛЛА ОМАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қар жауса немесе жаңбырдан кейін адамдар тайып құлап жатады. Бұл жерлермен танкпен ғана жүру керек. Егер жол салса жақсы болар еді.Аяғымызға пакет киіп, кір- кір болып жүрмес едік.

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

Жаңбырдан кейін жолдағы шұрық-тесік суға толып, шалшыққа айналған. Көшеде жарық та жоқ. Тұрғындар күн сайын дүкенге, аялдамаға, мектепке әрең жетеді.  Ал жедел жәрдем, таксилер мүлдем жүре алмайды.

Жергілікті билік проблеманың барын біледі. Бірақ барлығын бірден жөндеуге қаржы жетпейді , дейді. Үлкен Михайловка ауданындағы 10 шақырым жол келер жылдың жоспарына енгізілген. Онымен бірге кәріз жүйесі тартылмақ.

ЕРЖАН ТОҚЫШОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ендігі жылы жұмыстар басталмас бұрын, екі проектіні бір- бірімен салыстырып кәріз жүйесі салынбайтын көшелер болса жаңағы өзі кәріз жүйесі бар көшелер болса біз сол көшелерге орташа жөндеу жұмыстарымен кіре береміз. Ал басқа көшелерге кәріз жүйесі орналастырылғаннан кейін содан кейін бірақ кіреміз жұмыспен.

Бұл мәселе барлық жеке сектор тұрғындарына ортақ. Үлкен Михайловка ғана емес, Шахтерский, Сұрыптау,Пришахтинск секілді бірнеше жеке сектор тұрғындары жол азабын тартып келеді. Ондаған шақырым аумақ жылдар бойы жөнделмеген.