Астанада көлігі бұзылып тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып кетті

Астанада көлігі бұзылып тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып кетті. Азамат сол жерде  көз жұмған. Полиция департаментінің мәліметінше, Рақымжан Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі техникалық ақауға байланысты тоқтаған. Ол көліктің жүк салғышының жанында тұрған сәтте оны Hyundai Tucson көлігі қағып кеткен. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.