«KEGOC» АҚ жылыту маусымына сақадай-сай дайын

Еліміздің Ұлттық энергетикалық желісі күзгі-қысқы кезеңге дайын.  «KEGOC» компаниясы жөндеу жұмыстарын аяқтап, 2026-2027 жылыту маусымына дайындық құжатын алды.

«Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында еліміздің энергетикалық жүйесінің қысқа дайындығы пысықталды. Себебі, алдағы уақытта максималды жүктеме артады деп күтілуде.

НҰРЖАН КЕРІМҚҰЛОВ, «KEGOC» АҚ ЖҮЙЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Алдағы күзгі-қысқы кезеңде елімізде электр қуатын тұтынудың ең жоғары деңгейі 18 200 МВт-қа жетуі мүмкін деп болжап отырмыз. Ол былтырғы сәйкес маусыммен салыстырғанда 2,7%-ға жоғары. Сондай-ақ, электр энергиясын тұтыну пайыздық көрсеткішпен 3,4 % өседі, ал электр қуатын өндіру 3,1 % пайызға жетеді деп күтілуде.

Компания энергетикалық инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстанның әр түкпірінде жүздеген нысан жаңғыртылды. Әсіресе, негізгі электр желілері мен қосалқы стансаларға ерекше көңіл бөлінді.

ЭЛЬВИРА ҚОНАҚБАЕВА, «KEGOC» АҚ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Кегок компаниясы күзгі-қысқы кезеңге жақсы дайындалады. Жыл сайынғы жөндеу компаниясын уақытылы бітіреміз. Биылды алатын болсақ, 4,1 млрд теңге сомасына 589 нысанда жөндеу жүргізілді. Осы науқан аясында 100 электр желісін жөндедік, сонымен қатар, қосалқы станциялардың 38 бірлік жабдығын қайта жаңғырттық.

«KEGOC» акционерлік қоғамы құр жөндеумен шектелмей, ірі инвестициялық жобаларды қолға алды. Оның ішінде, Оңтүстік облыстардың желілерін нығайту және Батыс Қазақстан аумақтарын бүртұтас энергетикалық жүйемен біріктіру. Бұл жұмыстардың қарқыны жоғары болғандықтан, 2027 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аталған шаралар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты электр қуатымен халықты қамтамасыз етуге бағытталған.