СҚО жұртшылығы «Әділет» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауында мәселе көтерді

Солтүстік Қазақстан облысында шалғай ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді «Әділет» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауында айтты. Партия өкілдері Есіл және Айыртау ауданы жұртшылығымен кездесті. Қабылдауға келгендер бизнесті қолдау, қоғамдық қауіпсіздік, жол және ауыз су проблемаларын көтерді. Бір күнде мамандарға 50-ден астам адам жүгінді. Партия өкілдері шалғай ауылдармен кездесу тұрақты түрде ұйымдастырылатынын айтады.

ЖҰЛДЫЗАЙ АМАНГЕЛДИНОВА, ЗАРЕЧНЫЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде өрт сөндіру бөлімі ашылайын деп жатыр. Соған орай бізге өрт сөндіру машиналары керек еді. Сол сұрағыма жауап алдым. Толық жауап алдым деп айта аламын. Маған толық қамтамасыз етіледі деді. Енді күтемін.

ҚАЛИЯ ТӨРЕНОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Біз осы уақытқа дейін 5 ауданды аралап шықтық. Тек аудан орталықтары  емес, ауыл тұрғындарымен жүздесіп, олардың көкейкесті мәселелерімен танысып жатырмыз. Түрлі мәселе бар.  Мәселен, үйге су тарту, дәрігерге жазылу сияқты. Жалпы ауыл қысқа дайын көрінеді. Демек, ауқымды мәселелер шешіліп, елді мекендердің дамып келе жатқаны байқалады.