Алматыда «Әділет» партиясының бастамасымен «EcoNetwork» цифрлық экожүйесі таныстырылды. Жоба «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Бизнес өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті қауымдастықтарды ортақ мақсатқа біріктіреді. Іс-шараға қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, экологиялық дағдыларды күнделікті өмірге енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ экологиялық бастамаларды жүйелі түрде үйлестіру үшін Өңірлік экологиялық кеңес құру ұсынылды. Жиын аясында партияның қалалық филиалы ғимаратының алдында қалдықтарды бөлек жинауға назар аудартатын арнайы арт-нысан ашылды.
АЙДАР КҮНТУБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының өзі тек қана бір ретттік сенбіліктермен шектеліп қана қоймауы қажет. Өйткені бұл жерде жалп ысананың тазалығына, мәдениетті біз қалыптастыруымыз қажет. Әрбір азаматтың мына жалпы қоқысты жерге лақтырмай, оны өзінің арналған орнына апарып тастау сынды, не болмаса мына суды үнемдеу, электр жарығын үнемдеу деген сияқты идеологиялық жұмыстарды біз басты назарға алып, осыны халыққа жеткізуіміз қажет. Бүгінгі жобаның да басты мақсаты осы.
Ал Алматы облысында экологиялық бастама нақты іске ұласты. Іле ауданының Түймебаев ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Оны «Әділет» партиясының әйелдер қанаты Ақши ауылдық округінің әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Төрт гектарға жуық аумақты тазартуға 500-ге жуық адам қатысып, арнайы техниканың көмегімен бірнеше тонна қоқыс шығарылды.
БАҚТИЯР ҚАСЫМБЕКОВ, АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Бүгінгі таңда тек қана тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ал осы уақытқа дейін биылға округімізде бұл 33-і іс-шара. Соның нәтижесінде 3 мыңнан жоғары ағаш ектік.