Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін ағылшынның «Бернли» клубымен бірге жаттығуға кірісті. Бұл туралы клубтың бас бапкері Никки Хайен мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.
«Дастан оралды. Ол толыққанды жаттығу жасап жүр және матчқа өтінімге енгізілуге дайын болады», – деді маман баспасөз мәслихатында.
«Бернли» 10 қазанда Чемпионшиптің 9-туры аясында сырт алаңда «Уотфордпен» кездеседі.