Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы теміржол өткелінде жеңіл көлік пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды Astana TV.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жеңіл көліктің жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын белгісіне мән бермей, теміржолға шығып кетіп, локомотивпен соқтығысқан.
Бұған қатысты әкімшілік іс қозғалған. Зардап шеккендер жоқ.