Әжей 5 сағат планкада тұрып, өз рекордын қайта жаңартты

Фото: скриншот

АҚШ-тың Юта штатында өткен қарт адамдарға арналған Huntsman World Senior Games әлемдік ойындарда 61 жастағы әйел планкаға 5 сағат бойы тұрып, әлемдік рекорды жаңартты

Донна-Джин Уайлд 50 жастан асқан адамдардың спорттық жетістіктеріне арналған ойындардың ашылу салтанатында рекорд орнатуға тырысты, деп хабарлайды Astana TV Stan.kz сілтеме жасап. 

Ол планка қалпында 5 сағат бойы тұрып, 2024 жылы өзі орнатқан Гиннестің әлемдік рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорды 4 сағат 30 минут 11 секунд болған.

Huntsman World Senior Games ұйымының бас директоры Кайл Кейс Уайлдтың жетістігі егде жастағы адамдарға арналған ойындардың негізгі мақсатын көрсететінін айтты.

Оның айтуынша, спортпен қатар, адам жасы ұлғайған кезде де өзіне ұнайтын көптеген іспен айналысуды жалғастыра алады.