«Қазгидромет» болжамынша, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.
Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі.
10–12 қазанда елдің орталығында, 10–11 қазанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 10–11 қазанда оңтүстік-батыста, 11–12 қазанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанады. 10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, 10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанып отыр.