Ақтөбеде тоғыз қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің асүйінде жиһаз өртенді, деп хабарлайды Astana TV.
Алдын ала мәлімет бойынша, электр плитасын қосу кезінде қысқа тұйықталу орын алып, салдарынан асүй гарнитуры тұтанған. Абдырап қалған қыз сыртқа жүгіріп шығып, шұғыл қызметтерге хабар берген.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті жедел сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.