Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзушылар бейнебақылау камералары арқылы анықталған
Бірінші оқиғада 67 жастағы мас ер адам балалар алаңында дәретке отырған. Бұл 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Astana TV.
Сот қала тұрғынын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Екі эпизодты ескере отырып, оған жалпы сомасы 90 625 теңге айыппұл тағайындалды.
Екінші жағдай Аязбаев көшесінде орын алды. Полицейлер осындай заңбұзушылық жасаған 37 жастағы ер адамның жеке басын анықтады. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.