Есіл аудандық ауруханасы қызметкерінің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр
Ақмола облысында Есіл аудандық ауруханасының 38 жастағы дәрігері қайтыс болды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды AstanaTV nayza_kokshe инстаграмм парақшасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сүйенсек, марқұм жақында ғана еңбек демалысынан оралған. Оның қылмыстық істердің бірінде куәгер ретінде өтіп, оқиға алдында Экономикалық тергеу департаментіне шақырылғаны туралы ақпарат айтылуда. Бұл мәліметтер бойынша әзірге ресми растау берілген жоқ.
Полиция департаментінің өкілдері алдын ала болжам бойынша тұрғынның өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттың жария етілмейтінін атап өтті.