Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді

Фото: Traceca

World Population Review халықаралық статистика платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде Қазақстан 100 мемлекеттің арасынан 34-орынға тұрақтады

Еліміз бірқатар мемлекеттерден, соның ішінде Дания (36-орын), Біріккен Араб Әмірліктері (37-орын), ОАР (38-орын), Норвегия (39-орын), Сауд Арабиясы (40-орын), Пәкістан (42-орын) және Ираннан (46-орын) жоғары орналасты, деп хабарлайды Astana TV World Population Review сілтеме жасап.

Бұл қандай рейтинг?

Бұл рейтинг елдердің экономикалық және саяси ықпалы, көшбасшылық қабілеті, халықаралық одақтары мен әлеуеті секілді көрсеткіштерін ескере отырып, олардың жаһандық күші мен әсерін айқындайды. Демек, мұнда тек экономикалық ауқым ғана емес, мемлекеттің халықаралық аренадағы беделі мен салмағы да бағаланады.

ТМД елдері мен посткеңестік кеңістіктен енген мемлекеттер арасында Қазақстан тек Ресейге ғана (11-орын) жол беріп, Украина (51-орын), Литва (56-орын), Беларусь (57-орын), Өзбекстан (71-орын), Латвия (74-орын), Эстония (75-орын), Армения (80-орын) және Грузияны (91-орын) артқа тастады.

Рейтингтің алғашқы үштігіне Қытай, АҚШ және Үндістан кірді. Сондай-ақ үздік ондыққа Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия енді.

Қазақстанның 34-орын алуы — еліміздің ықпалы мен күш-қуатын жиынтық түрде көрсететін халықаралық бағалау аясындағы айтарлықтай нәтиже.