Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау барысында полицейлер тасжолда қауіпті маневр жасап, дрифт орындаған 18 жастағы жүргізушіні анықтады
Тәртіп сақшылары Кентау тасжолында Mercedes-Benz автокөлікпен қауіпті әрекеттерге барған жас жүргізушіні тоқтатып, тексеру жүргізді. Тексеру кезінде көлікке дауыс күшейткіш құрылғысы орнатылғаны да анықталды, - деп хабарлайды Astana TV Polisia.kz сілтеме жасап.
Аталған деректер бойынша жүргізушіге заңнамаға сәйкес екі әкімшілік жаза қолданылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тұрақты бақылауда ұстап, жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі жолдағы бір сәттік жауапсыздық адам өміріне қауіп төндіріп, орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.