Зоопаркке келген турист жолбарыс апанына секіріп кетті

Фото: pixabay

Ұлыбританиядағы хайуанаттар бағында келуші жыртқышқа жем бола жаздады

Ұлыбританияның Йоркшир графтығындағы хайуанаттар бағында төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Astana TV. 

Telegraph басылымы ұсынған алдын ала мәліметке сүйенсек, серуендеп жүргендердің бірі аңның торына өздігінен секіріп түскен. Ашуға мінген жыртқыш оған бірден тап беріп, салдарынан тұрғын ауыр жарақат алды.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен құтқарушылар бірден жетті. Осы оқиғаға байланысты зоопарк әкімшілігі демалыс күнінің соңына дейін есігін жауып, келушілерді қабылдауды тоқтатты.