Әкімшілік жауаптылыққа басқарма басшысы тартылды
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының прокуратурасымен Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу барысында Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы «Ел-Даулет» асханасын тексеру нәтижесімен асхананы тоқтату туралы ұйғарым шығару барысында аудандық прокуратураны ескертпеген, деп хабарлайды Astana TV.
Аталған заң бұзушылық бойынша аудандық прокуратурамен Бөкей ордасы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы ӘҚБтК-тің 666-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Бүгінгі таңда айыппұл толықтай өндірілді.
Прокуратура бұндай заң бұзушылықтарға жол берілген жағдайда әкімшілік жауаптылыққа көзделгені туралы ескертеді.