ШҚО-да өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 8 адамды эвакуациялады

фото скрин

Өскемен қаласындағы Гоголь көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері түтінге толған ғимараттан 8 адамды эвакуациялады.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт 100 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі!