Қайрат Нұртастың концертіне жауапты ұйымдастырушы қамауға алынды

фото скрин

Полиция 1984 жылы туған ұйымдастырушыны ұстады, деп хабарлайды Astana TV.

Билет саны концерт алаңының сыйымдылығынан асып, адамдар көп жиналған. Салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Полиция адам қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазір тергеу жүріп жатыр.