Астана көпқабатты тұрғын үй өртенді

фото скрин

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндірілді

Сарайшық ауданындағы А-52 көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі кабель шахтасында электр кабелінің жанып жатқанын анықтады. Дереу өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрт 27 погон метр аумақта толық сөндірілді. Оттың одан әрі таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескертеді: өрт белгілері анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарлаңыз. Өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз және құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз.