Алматыда құтқарушылар тауда жас жігітке көмек көрсетті

ТЖМ

Алматы қаласының Медеу ауданында, Күмбел шыңы маңында Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2008 жылы туған жас жігітке көмек көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.

Шыңға қарай бет алған ол бағытынан адасып, қозғалысын өз бетінше жалғастыра алмағандықтан, құтқарушылардан көмек сұраған.

Құтқарушылар жас жігітті тауып, қауіпсіз жерге дейін алып жүрді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.