Актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай шаңырақ көтерді. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жұртты өзгенің бақытына төрелік айтпай, ақ тілек білдіруге шақырды, деп хабарлайды Astana TV.
Дариға Бадықова әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар екенін атап өтті.
"Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған", – деп жазды актриса.
Ол жеке өміріне қатысты ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін де жеткізді.
"Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат", – деді Дариға Бадықова.
Айта кетейік, Дариға Бадықованың экс-күйеуі әншілікке қатысты ойын айтты.