Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан

Фото: видеодан скриншот

Төрт күдіктінің бәрі қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Astana TV.

Алматыда еңзердей екі еркек 60 жастан асқан ер адамды өлтіріп, басына қара пакет орап, иығына салып алып кеткен.

Оқиғаның барысы әлеуметтік желіде жарияланып, марқұм ер адамның көршілері полицияға хабарлаған. Алматы қаласының Полиция департаменті адам шошырлық оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру ісі бойынша полиция төрт адамды ұстады. Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және марқұмның пәтерін заңсыз иемденген болуы мүмкін екені анықталды», – делінген ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, төрт күдіктінің барлығы қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

«Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп жазады Полиция департаменті.