Доллар қымбаттады

Ulysmedia коллажы

Биржада күрт қымбаттаған доллар Қазақстандағы айырбастау пункттерінде де өсуін жалғастырып жатыр. 12 қазан күні таңертең Астанада АҚШ валютасы 456 теңгеге жуық бағамен сатылып жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы

Долларды орта есеппен 451,80 теңгеден сатып алып, 454,39 теңгеден сатуда. Еуро – 506,76-511,40 теңге, рубль – 5,12-5,25 теңге.

Астана

Доллар – 448,99-455,99 теңге. Еуро – 501,96-511,96 теңге, рубль – 5,17-5,37 теңге.

Шымкент

Доллар – 452,62-454,68 теңге. Еуро – 507,21-512,76 теңге, рубль – 5,17-5,24 теңге.

Айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы күн ішінде өзгеруі мүмкін.

9 қазан, жұма күні Қазақстан қор биржасында доллар бағамы айтарлықтай өсті. Бір күнде АҚШ валютасы 4,09 теңге қымбаттап, 453,96 теңгеге жетті.

Осылайша, екі сауда күні ішінде доллар 6,75 теңге қымбаттады.