Қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынды

Фото: NEGE.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер BMW 520 автокөлігінің жүргізушісі жол үстінде қауіпті маневрлер жасаған бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын жедел анықтады. Ол Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны Илья Займидорога болып шықты. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді.

Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.