Өрт сөндірушілер 6 адам, оның ішінде екі баланы эвакуациялады

фото: ТЖМ

Ақтөбе қаласындағы Станционная көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінде түтін шыққан, деп хабарлайды Astana TV.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, кіреберісте қоқыс пен терезе жақтауының жанғаны анықталды. ТЖМ қызметкерлері өртті шағын аумақта сөндірді.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Тағы 22 адам, оның ішінде 6 бала, ғимараттан өздігінен шықты.

Ықтимал қауіптің алдын алу мақсатында құтқарушылар көлемі 50 литр болатын тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккендер жоқ.