Қазақстан футболшылары Грузиядағы турнирде төбелесіп қалды

фото: ajaratimes.ge

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы мен Тбилисидің «Динамо» клубының ойыншылары Грузияда өтіп жатқан Batumi Cup турнирінде жаппай төбелеске қатысты, деп хабарлайды Astana TV 1Бол!-ға сілтеме жасап. 

 Ajaratimes.ge басылымының ақпаратынша, оқиға Кобулетидегі «Челе Арена» стадионында болған. Жанжалдан кейін матчтың тікелей көрсетілімі тоқтатылды.

Басылымның мәліметінше, төбелеске дейін футболшылар бір-біріне тіл тигізіп, балағат сөздер айтқан. Сондай-ақ ойыншылар алаңға түрлі заттар лақтырған.

Оқиғаға қарамастан, ұйымдастырушылар матчты тоқтатпаған. Қазақстан құрамасы да турнирден шеттетілмей, финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде «Вильярреалдың» 15 жасқа дейінгі командасына 0:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Batumi Cup турниріндегі матчты Аджария футбол федерациясы ұйымдастырған.