Түркияда жол апатынан 11 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды

фото: TRT Haber

Түркияның Маниса провинциясының Акхисар ауданында жол апатынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 азамат жарақат алды, деп хабарлайды Astana TV.

Туристік автобус Бурсадан Измир бағытына бара жатқанында жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен құтқарушылар көптеп келді.

Маниса губернаторлығы 11 адамның қаза тапқанын және 27 зардап шегушінің ауруханаға жатқызылғанын растады. Түркияның денсауқтау сақтау министрі Кемаль Мемишоглудың айтуынша, жараланғандардың бірінің жағдайы ауыр, тағы 18 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланса, сегізі қанағаттанарлық жағдайда. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.

"Бурсадан Измирге бағыт алған туристік автобус Маниса провинциясының Акхисар ауданында эвакуатормен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақат алды", - делінген Маниса муниципалитетінің әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Екі көлік жүргізушісі де қамауға алынды. Түркия Әділет министрлігі бұл аварияның мән-жайын анықтауды үш прокурорға тапсырғанын хабарлады. Соқтығысудың себептері әзірге анықталып жатыр.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің барлығы – жергілікті азаматтар.