Туған күнмен құттықтаған 19 адам қамауға алынды

Фото: Астана әкімдігі

Елордада тұрғын үй аулаларында туған күнмен шулы түрде құттықтағаны үшін жазалай бастады, деп хабарлайды Astana TV.

Қатты музыкамен отшашу атқаны үшін 26 адам жауапқа тартылды. Олардың 19-ы 10 тәулікке дейін қамауға алынды. Ал 14 жасқа дейінгі балалары бар алты әйел мен бір кәмелетке толмаған жасөспірімге айыппұл салынды.

Құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылуда.