Алматыда жарық уақытша өшіріледі

Фото: pexels

Алматыда 12-16 қазан аралығында электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, қаланың бірқатар ауданында электр жарығы уақытша өшуі мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

«Алатау Жарық Компаниясы» ақпаратынша, жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 08:00–ден 17:00–ге дейін, ал кейбір аудандарда 09:00–ден 17:00–ге дейін жүргізіледі. Жекелеген жерлерде электр жарығы бұдан қысқа уақытқа өшіріледі.

Электр жарығын өшірудің нақты уақыты мен мекенжайлары көрсетілген толық кестені сілтемеден көруге болады.