Мессенджерлерде Алматыда бірнеше адамды өлтірген белгісіз адам туралы хабарламалар тарады, деп хабарлайды Astana TV.
Қалалық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Алматы полициясы азаматтарға көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондықтан баршаңызды тек ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сүйенуге шақырамыз», делінген ПД таратқан хабарламада.